Кошекбаева Жибек

Көпбалалы отбасына баспана қажет

Тұрғын үй

Кошекбаева Жибек алты баланың анасы. Жалғыз басты ана "Куміс алқа" иегері пәтер мәселесін шешуге көмек сұрайды. Бір үйден басқа пәтерге көшүге жағдай жоқ. Өзі туберкулез аурумен аурады. Денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз болып саналады. Соған қоса бір баласында мүгедектігі бар.

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ ДА БАҚЫТ (ЖАҚСЫЛЫҚ ВИРУСЫ): КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҮЙ СЫЙЛАДЫ
«Iron Plast Group» компаниясы «Менің Атамекенім» жобасының шеңберінде алты бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға 4 бөлмелі үйдің (108 шаршы метр) кілтін табыстады.
Осыдан аз ғана уақыт (бір ай) бұрын «Iron Plast Group» компаниясы «Менің Атамекенім» бағдарламасы аясында мұқтаж жандарға үй сыйлағысы келетіндіктерін білдірген еді. Компания өкілдері бір ай ішінде www.atamekenim.kz порталынан пәтерге мұқтаж отбасыны таңдады.
Жібек Көшекбаева – «Күміс алқа» иегері, жалғызбасты ана. Жібек ханымды денсаулығына байланысты ешбір жерге жұмысқа қабылдамайды. Одан бөлек бір баласының мүгедектігі бар.
«Біз бұл күнді ұзақ күттік. Пәтерді кімге сыйласақ екен деп көп ойландық… Жоба амбассадоры Тәңірберген Бердоңғар, «Кинопарк» кинотеатрлар желісі және де «Iron Plast Group» компаниясының қолдауымен тосын сый жасаймыз деп шештік. «Менің Атамекенім» жобасының волонтерлары Жібек пен оның балаларын серуендеуге шақырды. Отбасы мүшелері киноның соңы көптен күткен армандарының орындалуымен аяқталады деп ойламағаны анық. «Iron Plast Group» әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында тағы бір отбасы баспаналы болды. «Жақсылық вирусы» жобасы жарықтың жылдамдығымен ілгері басуда! Соның нәтижесінде елімізде осындай қуанышты сәттер көбейіп келеді», – деп «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры Ляззат Чингисбаева өз ойымен бөлісті.

ВИРУС ДОБРА: ПОДАРИЛИ ДОМ МНОГОДЕТНОЙ СЕМЬЕ
Компания «Iron Plast Group» в рамках проекта «Менің Атамекенім» подарили 4-комнатный дом (108 кв.м.) многодетной матери-одиночке с шестью детьми.
Ранее в программе «Менің Атамекенім» компания «Iron Plast Group» сказали, что хотят подарить дом нуждающимся. В течении месяца через портал www.atamekenim.kz они выбирали семью.
Обладательница «Күміс алқа» Жибек Кошекбаева воспитывает детей одна. И по состоянию здоворья ее не берут на работу. Также один ребенок имеет инвалидность.
«Мы с нетерпением ждали этого момента. И долго думали как подарить дом. С амбассадором проекта Танирбергеном Бердонгаром, при поддержке сетей кинотеатров «Кинопарк», ну и конечно же с компанией «Iron Plast Group» решили сделать сюрприз. Волонтеры проекта «Менің Атамекенім» пригласили Жибек и детей прогуляться, думаю семья не ожидала, что один поход в кино может осуществить их самую заветную мечту – обрести свой дом. Благодаря социальной ответственности компании «Iron Plast Group» у еще одной семьи есть крыша над головой. Наш «Вирус добра» со скоростью света набирает обороты, и вот таких ярких моментов в нашей стране становится все больше и больше», – сказала исполнительный директор ОО «Менің Атамекенім» Ляззат Чингисбаева.

Астана, Казахстан
28.02.2019
Телефон нөмірі тексерілді
Жеке куәлік алынды
Фото
Құжаттар (туу туралы куәліктері, анықтамалар және т.б.)
Оказанная помощь
  • Үй
  • Материалдық көмек
Достарыңызға айтыңыз ❤️
Басқа адамдар бұл туралы білуі үшін осы сілтемемен бөлісіңіз.