«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Жақсылық вирусы» қайырымдылық жобасына қосылыңыз

Денсаулық сақтау
Шұғыл

«Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Жақсылық вирусы» республикалық жобасын басталғандығын хабарлайды. Жоба мақсаты - коронавирустық инфекциямен күреске қарсы медициналық мекемелерге қолдау, дәрі-дәрмектер, сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін қаражат жинау.

Акцияға кез-келген адам қатыса алады. Көмек ақшалай, өнімдермен немесе қызметтермен, ақпараттық, жеңілдіктермен көрсетіледі. Ерікті белснділер болып қосылуға да болады.

Қорға жиналған қаражат дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдық, оттегі концентраторлары, портативті рентген аппараттарына, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын алуға жұмсалатын болады.

Қазақстанымыздың болашағы өз қолымызда тұр. Өйткені, бүгінгі жасаған ісіміз, ертең қай елде өмір сүретінімізді айқындайды.
Осы бастамамызға қолдау көрсеткен азаматтар қатарында ел ағасы Жақсылық Үшкемпіров, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова, қоғам қайраткерлері Тәңірберген Бердоңғар, Жандар Садықов, Кымбат Досжан және тағы басқа азаматтар бар.

Қайырымды бастамаға атсалысып, көмек қолын созуға ынта танытсаңыздар #жақсылықжаршысы болып, қаржылай көмектен бөлек, белсенділерді белгілеп, репост жасап та көмектесе аласыздар.

Біз көмекке мұқтаж жандар, медициналық мекемелер, сондай-ақ көмектескісі келетін азаматтар арасындағы байланыстырушы көпір боламыз.

Толығырақ www.atamekenim.kz сайтына кіріп
«Мен көмектескім келеді» түймесін басып компьютер немесе смартфон арқылы онлайн көмектесе аласыз.

«Атамекенім» қоғамдық бірлестігі қаражат жинауға арналған банк реквизиттары арқылы да қаражат аударуға болады:
010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5
БСН 180540015308
ИИК KZ076018821000192561
БИК HSBKKZKX
АО «Народный Банк Казахстана»
KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары
KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)
Барлық төлемдер мен жоба нәтижелері туралы есеп күн сайын ашық түрде жарияланып тұратын болады.

Нур-Султан, Казахстан
13.07.2020
Телефон нөмірі тексерілді
Жеке куәлік алынды
Фото
Құжаттар (туу туралы куәліктері, анықтамалар және т.б.)
Достарыңызға айтыңыз ❤️
Басқа адамдар бұл туралы білуі үшін осы сілтемемен бөлісіңіз.