Қайырымдылық акция шеңберінде кез-келген адам мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына жинауға және дайындауға көмек көрсете алады.
Мұғалімдер, мектеп директорлары, ҚР білім министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, көп балалы аналар қауымдастығының өкілдерінен құралған жұмыс тобы оқушының жасын, жынысын және аймағын ескере отырып, әлеуметтік жағынан осал топтардың әрқайсысы үшін қажетті заттардан тұратын арнайы ұсыныстар пакетін анықтады.
15 маусымнан бастап баланы мектепке дайындауда көмекке мұқтаж ата-аналар немесе қамқоршылар акцияға қатысу үшін онлайн режимінде өтініш бере алады. Ол үшін оқушының ЖСН мен өтініш толтырушының байланыс деректері ғана қажет. Барлық мәліметтер Білім министрлігімен тексеріліп, меценаттардан қаражат алғаннан кейін ата-аналар немесе қамқоршылар өтінімдерге сәйкес пакеттер жиынтығын ала алады.
Акцияға атсалысқан барлық қайырымдылық компаниялардың атаулары мен көрсетілген көмек соммасы сайтта жарияланады.