Тұтынушы құқығын қорғау
2019 жылдың 1-ші сәуірінде «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған Тұтынушылар құқығын қорғау орталығы өз жұмысын бастады. Орталық қызметінің негізгі бағыты -тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, тұтынушылардың құқығын қорғау саласында халықты ақпараттандыру, сондай-ақ сотқа дейінгі және сот талқылауындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
«Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Орталық келесі қызметтерді көрсетеді:
1) тұтынушыларға олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша кеңес беру, Қазақстан Республикасы соттарына шағымдар, талап-арыздарды жазуда көмек көрсету;
2) Интернет арқылы қарыз беретін компяниялар және ломбардтардмен жасалатын келісімшарттарды заңға сәйкестігі бойынша талдау, кейіннен ұсыныстар беру;
3) мемлекеттiк органдарда тұтынушылардың мүдделерiн қамтамасыз ету.
Жоба менеджері Юлдашева Альбина +7 747 910 99 02